Төлем карталары арқылы банкоматтардан 1,5 трлн теңге алынған

10:27, 26 сәуір 2018
373

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – Төлем карталарын пайдалану арқылы жалпы 2018 жылдың қаңтар-ақпанында 1,8 трлн теңге көлемінде ақша алынған деп хабарлайды ranking.kz. 

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,1 пайызға көп. Ал банкоматтар арқылы 1,5 трлн теңге ақша шешілген. Бұл жалпы көрсеткіштің 84 пайызына тең. POS-терминалдар арқылы қалған 16 пайызы (290,4 млрд теңге) алынған.

Қазақстанның бүкіл дерлік аумағында төлем картасы арқылы ақша алу көлемі артқан.

Алматы облысында 423,3 млрд теңге алынған, өткен жылмен салыстырғанда 26,3 пайызға көп. Одан кейін Астанада 209,6 млрд теңге алынған. 2017 жылымен салыстырғанда 31,2 пайызға көп. Үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы 159 млрд теңгемен жайғасқан. Былтырмен салыстырғанда ОҚО-дағы ақша шешу көлемі 35 пайызға артқан.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!