Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға шықты

16:21, 29 шілде 2021

© Сурет: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен ұтты, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қамшыбек 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын.

Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді.

Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы - Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!