Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді

13:43, 25 қаңтар 2021

26 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Ертең, яғни 26 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ. Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен өкілдері аталған іс-шараны "Қазмедиа орталығынан" дер кезінде таратуға мүмкіндік алады" делінген жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!