Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтеді

15:44, 31 қаңтар 2023
114

© Сурет: pixabay

Бүгін, яғни 31 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері және орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысады, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы.

Кеңес отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, премьер-министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Алтай Көлгінов баяндама жасайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!