Тоқаевтың Алматыға сапары аяқталды

21:04, 19 қараша 2021

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарының соңында "Alatau Creative Hub" инновациялық орталығына барды. Нысан "Шетсіз қала" стратегиясын жүзеге асыру аясында былтыр желтоқсан айында ашылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталықта компьютерлік бағдарламаларды жасауды үйренуге, креативті индустрияны дамытуға, шығармашылық әлеует пен виртуалды өнерді дамытуға мүмкіндік бар. Жалпы мұнда түрлі бағыттар бойынша 25 үйірме тегін жұмыс істейді. Президентке кітапхана, балалардың ойын алаңы, вокал студиясы, IT зертхана, электр техникасы мен робот техникасы залдары, дәстүрлі музыкаға арналған мультимедия орталығы таныстырылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына цифрландыру құралдарын қолдануға, креативті индустрияны дамытуға арналған презентациялар көрсетілді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Президентке қаланың көлік жүйесін дамыту жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталық қызметкерлерімен және онда келушілермен әңгімелесіп, суретке түсті, сондай-ақ олардың жұмысына табыс тіледі.


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!