Тоқаевқа еліміздегі криминогендік жағдай баяндалды
© Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді.
Министр Президентке ведомство жұмысындағы бірқатар оң үрдістер жайында айтты. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, биыл қылмыс деңгейі 13 пайызға қысқарған, тонау, ұрлық және бұзақылық 37 пайызға аз тіркелген. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі артқан.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа есірткі қылмысына қарсы күрес туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметтеріне сәйкес, бірінші тоқсанда полицейлер 860 есірткі қылмысын анықтап, синтетикалық заттар жасайтын 8 зертхананы жойған, 1 тоннадан астам есірткі тәркілеген.
Министр Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы, оның ішінде, «қол жетімді полиция» қағидатын қамтамасыз ету және учаскелік инспекторлар қызметін реформалау жайында ақпарат берді.
Ерлан Тұрғымбаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің штат санының тиісті нормаларға жеткізілгені, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық істерді жүргізу бойынша тергеуші әйелдердің мамандануын кезең-кезеңімен енгізу туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Президент жеке құрам мен ведомствоның ақпараттық саясатының жұмысын жетілдіру қажет екеніне назар аударды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:10, 29 наурыз 2024
Қазақстанға -10°С дейін аяз қайтады
-
11:53, 29 наурыз 2024
Арқалықтағы су тасқыны: бір күнде 116 мың текше метрден астам еріген су сорылды
-
11:37, 29 наурыз 2024
Павлодар облысының тұрғындары су басу қаупі төнген жағдайда қайда хабарласу керек
-
11:22, 29 наурыз 2024
Қазақстандағы ірі су тасқыны: Олжас Бектенов мәлімдеме жасады
-
11:06, 29 наурыз 2024
Қазақстан айырбастау пункттеріндегі 29 наурыздағы валюта бағамы