Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасына тапсырма берді

15:26, 22 қаңтар 2020

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Талғат Донақов Президентке Жоғары Сот Кеңесінің 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары жайында баяндады.

Мемлекет басшысына еліміздегі сот корпусының ахуалы, судьяларды іріктеу ісін қатаңдату және соттардың кадрлық резервін қалыптастыру бағытында қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа бірқатар нақты тапсырма берді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!