Тоқаев: Жас ұрпақты құмар ойындардан жан-жақты қорғау қажет

12:34, 25 ақпан 2021
296

© Сурет: leephone.ru

Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы проблемаларды сөз етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Президенттің айтуынша, соңғы кезде жастар арасындағы алкоголь мен нашақорлық мәселесіне құмар ойындарға тәуелділілік қосылған.

Салдарынан жастардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шегеді. Букмекерлік кеңселер мен казинолар өздерін Интернетте белсенді түрде жарнамалайды. Мемлекет жас ұрпақты құмар ойындардан қорғау үшін бірқатар шаралар қабылдады. Алайда, бұл - жеткіліксіз, - деді ол.

Тоқаев жас ұрпақты құмар ойындардан жан-жақты қорғау қажет деп атап өтті.

Бұл шешім жаңа шараларды қажет етеді. Жастарды құмар ойынға итермелейтіндерді әкімшілік жауапкершілікке тарту қажет. Қажет болса, олардың лицензияларын қайтарып аламыз, - деді Мемлекет басшысы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!