Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айтты

15:49, 15 қазан 2019
308

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Жапониядағы "Хагибис" тайфуны салдарынан қаза тапқан және әртүрлі жарақат алған адамдардың қайғыларын бөлісіп, Премьер-министр Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Қазақстан халқының және өз атымнан жақындарынан айырылған азалы отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін,– делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!