Тоқаев Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

14:12, 23 шілде 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Жеделхатта Қазақстан Президенті МАГАТЭ басшысының ядролық қаруды таратпау және ядролық энергияны жаһандық деңгейде бейбіт мақсатқа пайдалану үшін атқарған рөлі зор екенін айтты.

"Біз Қазақстанның айнымас досы және жаһандық әлемдегі қауіпсіздіктің қорғаушысы Юкия Амано мырзаның жарқын бейнесін ешқашан ұмытпаймыз" – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!