Тоқаев ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы өткізген жиынға Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппаратының және аймақтық бөлімшелерінің басқарушы құрамы қатысты.
Жиын алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ҰҚК органдары қызметкерлерін еске алуға арналған стелаға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ ҰҚК орталық аппаратының 2017 жылы қайта жөндеуден өткен музейіндегі Тәуелсіздік алған сәттен бергі Комитеттің даму тарихын қамтитын экспозицияны көрді.
Отырыс барысында Қазақстан Президенті ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімовтің баяндамасын, Комитеттің құрылымдық және аймақтық органдары басшыларының есебін тыңдады.
Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар нақты тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 23 сәуір 2024
Көкшетауда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден төрт газ баллонын шығарды
-
22:28, 23 сәуір 2024
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге мектеп оқушылары да көмектесіп жатыр
-
22:03, 23 сәуір 2024
Душанбедегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
-
21:56, 23 сәуір 2024
Ислам Сәтбаев - Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген
-
21:08, 23 сәуір 2024
Су тасқыны: Түркістан облысы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды