Тоқаев тағайындаған марапат ресейлік телеарнаның бас директорына табыс етілді

11:37, 14 тамыз 2020

Ресейлік Муз-ТВ арнасының бас директоры Арман Давлетяров Қасым-Жомарт Тоқаевтың марапатына ие болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыдан бір күн бұрын, 13 тамызда Ресейдегі Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев танымал музыкалық продюсер Арман Давлетяровпен кездесті.

Дипломатиялық миссияның басшысы ресейлік "МУЗ-ТВ" телеарнасының бас директорын 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағайындаған "Құрмет" грамотасын табыс етті.

Сыйлық Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.

Арман Давлетяров құрметті марапат үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, Қазақстан халқына мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!