Тоқаев сынаған Бармақов мемлекеттік қызметке қайта келіп алды

15:09, 14 мамыр 2021

© Сурет: inbusiness.kz

Сайранбек Бармақов жаңа қызметке келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сынға алған шенеунік қазір Жол активтері сапасы ұлттық орталығы бас директорының орынбасары болып кетіпті.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жол комитетінің экс-төрағасы Сайранбек Бармақов "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары болып тағайындалды, - деп атап өтті ҚР ИИДМ.

Бармақовқа қатысты бұған дейін түсініксіз тағайындау болған.

3 сәуірде Сайранбек Бармақовтың "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болып тағайындалғаны туралы хабарланды. Алайда 12 мамырда бұл ақпарат теріске шығарылды.

Автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасы тағайындалғаны туралы жаңалықтарға байланысты түсінбеушілік болды. Кешірім сұраймыз. Сайранбек Бармақов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы филиалының директоры қызметіне тағайындалмаған, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Бұл лауазымның әзірге бос екені айтылады.

20 сәуірде жол саласындағы бақылауды әлсіреткені үшін ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Бармақов, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары – Шакимов, Турков және Қалауовтардың қызметінен босатылғаны белгілі болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!