Тоқаев студенттердің шәкіртақысын 25 процентке өсіруді бұйырды

12:30, 10 желтоқсан 2019
358

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар форумында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап университет пен колледж студенттері шәкіртақысының 25 процентке өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттердің, магистранттардың және докторанттардың шәкіртақысы 25% -ға артады. Жалпы шамамен 130 мың адамның стипендиясы көтеріледі, - деді ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы колледж студенттеріне де осындай қолдау көрсетілетінін баса айтты.

- Естеріңізде болса, биыл қыркүйек айынан бастап жұмысшы мамандықтағы 122 мың студенттің стипендиясы 30 процентке ұлғайтылған. Енді, менің тапсырмам бойынша, үкімет 2020 жылдың қаңтар айынан бастап орта арнаулы білім беретін колледж студенттері стипендиясының да көлемін 25 процентке өсіреді, - деді Тоқаев.

Демек, тағы 100 мың жастың шәкіртақысы өседі.

"Бұл шаралар біздің студенттерге жақсы қолдау болады деп сенемін", - деп сөзін түйіндеді Президент.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!