Тоқаев Солтүстік Македониямен арадағы шарттарды ратификациялайтын бірқатар Заңға қол қойды

16:56, 11 мамыр 2021

© Сурет: baiginews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz

Атап айтқанда:

- "Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

- "Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

- "Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.

Негізінен, бұл құжаттарда қылмыстық істерді тергеу және қылмыскерлерді экстрадициялау кезінде өзара құқықтық көмек көрсетуді көздейтін мәселелерге басымдық берілген.

Заңдардың толық мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!