Тоқаев Райымбековтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

17:41, 19 қаңтар 2021
236

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі актер Әлімғазы Райымбековтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Президенттің көңіл айту жеделхатын жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы, белгілі кино актері Әлімғазы Смағұлұлы Райымбековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. "Әлімғазы Смағұлұлы қазақ киносының таңдаулы туындыларының бірі – "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақтың рөлін үлкен шеберлікпен сомдаған. Одан кейін де бірнеше кинокартиналарға түсіп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!