Тоқаев "Самұрық-Қазына" туралы: Ешқандай нәтиже болмаса, қатаң шешімдер қабылданады

13:53, 21 қаңтар 2022

© Сурет: sk.kz

Мемлекет басшысы 21 қаңтарда бизнес қауымдастықтардың жетекшілерімен өткен кездесуде "Самұрық-Қазына" қорының сатып алу процесін шұғыл қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бизнес өкілдеріне қарата айтылған сөзінде бәсеке жолынан тыс сатып алу үлесі әлі де көп екенін айтты. Ол импорт өнімдерін шетелге Қазақстандыкі деп апаратын бір күндік компаниялардың қатаң сүзгіден өтпейтінін сынға алып, бұл мәселені шұғыл шешу қажеттігін атап өтті.

Осы орайда мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорының сатып алу процесіне ерекше назар аудартты.

"Самұрық-Қазына" қорының сатып алу процесімен шұғыл түрде айналысу керек. Соңғы рет бір ай уақыт беремін. Ешқандай нәтиже болмаса, қатаң шешімдер қабылданады.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент «Самұрық-Қазына» қорын реформалауды тапсырғанын айта келе, қор жұмысын сынға алды.

Мен «Самұрық-Қазына» қорын реформалауды тапсырдым. Қазір қордың құрылымы қолайсыз: бұлыңғыр, саяси маңызы бар адамдарды тағайындау. Тиімсіз сатып алу жүйесі, еңбек қақтығыстары, рентабельділік, ауқымды жобалардың толық еместігі, тым көп жөндеу шығындары – бұл мәселелер тізбесі халықтың наразылығын тудыруда, сонымен қатар осы уақытқа дейін нақты мұнай химиясын құра алмағанымыз рас.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл ретте мемлекет басшысы «Платон менің досым, бірақ шындық одан қымбат» деген қағиданы ұстанатынын мәлімдеді.

Мен үшін біреумен жақсы қарым-қатынаста болудан көрі мемлекет мүддесі жоғарырақ. Қазірдің өзінде өте қиын шешімдер қабылдадым және болашақта да осындай шешімдер қабылдаймын.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!