Тоқаев пен Путин пандемия төңірегіндегі жағдайларды талқылады

16:45, 26 мамыр 2020

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кремль сайтында мемлекет басшылары коронавирустық пандемия төңірегіндегі жағдайды және осы инфекцияның таралуымен күресудің одан арғы қадамдарын талқылады деп жазылған.

Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастық пен еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қозғалды, делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!