Тоқаев пен Мирзиёев жаңадан салынған Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне барды

19:18, 6 желтоқсан 2021
221

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев елшіліктің жаңа ғимаратын аралап шықты. 

Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі ел президенттері Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Елшіліктің ғимараты Тәуелсіздік даңғылының бойында, «Хазірет Сұлтан» мешітіне жақын жерде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекеттер басшылары салтанатты шарада лента қиған соң, Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев елшіліктің жаңа ғимаратын аралап шықты. 

Өзбекстан

Сурет: akorda.kz

Жиын соңында Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Ақорда

Сурет: akorda.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!