Тоқаев пен Мирзиеев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті

17:01, 14 қараша 2025

© Сурет: akorda.kz

Қазақстан және Өзбекстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев "Ташкент-Хумо" әуежайында әңгімелесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан gрезиденті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барғанын хабарлаған едік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!