Тоқаев Пәкістан билігі басшылығына көңіл айту жеделхатын жолдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алви мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Мен пәкістандықтармен бірге барлық дінге, адами наным-сенімге қайшы, ақылға сыйымсыз осы жантүршігерлік зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптаймын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды. Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осындай қайғылы сәтте біз Пәкістан халқымен біргеміз", деп жазылған жеделхатта.
Айта кетсек, 30 қаңтарда Пәкістанда жанкешті лаңкес мешітте өзін-өзі жарып жіберді. Алдын ала деректерге сәйкес, қайғылы оқиға салдарынан 63 адам қаза тауып, 157 адам зардап шеккен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:50, 25 сәуір 2024
Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды
-
19:29, 25 сәуір 2024
Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды
-
19:17, 25 сәуір 2024
Полиция қызметкерлерін көлігімен соққан жүргізуші 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
-
18:50, 25 сәуір 2024
Шымкентте есірткіні чипс қаптамасымен тасымалдаған алматылық ұсталды
-
18:27, 25 сәуір 2024
Еркін күрестен соңғы лицензиялық турнирге қай балуандар қатысады