Тоқаев Павлодар облысы әкіміне халықты жұмыспен қамту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Президентіне Павлодар облысындағы биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жайында баяндалды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады.
Облыс әкімінің айтуынша, "Жұмыспен қамту" Жол картасы шеңберінде 227 жоба іске асқан. Бүгінде оның 77 пайызы толық аяқталған. Қалған 23 пайызын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Әбілқайыр Сқақов өңірдегі денсаулық сақтау саласы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жайында айтты. Оның ішінде, коронавирус пандемиясын ауыздықтауға қатысты қабылдаған шараларды атап өтті. Аймақ басшысы бүгінде жағдай күрделі болғанымен, толық бақылауда тұрғанына, ауруханалар медициналық құралдармен жабдықталып, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екеніне тоқталды. Сонымен қатар 600 медицина қызметкерінің білімі жетілдірілген. Өңірде жаңадан 4 ПТР сынамасын алатын лаборатория ашылған. Облыста күніне 3 мыңға жуық ПТР сынамасы алынады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының республикадағы маңызды аймақтардың бірі екенін, өңірге жан-жақты қолдау көрсетілетін айтты. Президент облыс әкіміне халықты жұмыспен қамту жұмыстарын жалғастырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын түсірмеуге байланысты бірқатар тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 24 сәуір 2024
«Торсыққа су жинаймыз». Қазақстанда тұңғыш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
-
22:38, 24 сәуір 2024
ОПЕК + келісімі: Қазақстан мұнай бойынша асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді
-
22:28, 24 сәуір 2024
«Адам іздеп жүрмін!». Астанада Әкім Ысқақтың шығармашылық кеші өтті
-
22:15, 24 сәуір 2024
Қорғаныс министрі су тасқыны кезінде көмекке жұмылдырылған әскери қызметкерлерге алғыс білдірді
-
21:50, 24 сәуір 2024
«Жаңбыр соңы қарға ұласады». Бейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды