Тоқаев өз суреті ілінген билбордтар туралы: маған мұндай насихат қажет емес

12:16, 12 сәуір 2019
338

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда орнатылып үлгерген, өз суреті салынған билбордтарды сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Ақтауда менің суретім салынған 14 билборд орнатылғанын хабарлады маған. Мұны мүлдем орынсыз деп санаймын, маған ондай насихаттың керегі жоқ. Ондай әкімшілік пысықайлық не керек? – деді ҚР Президенті Маңғыстау облысының қоғам өкілдерімен кездесу барысында.

Оның айтуынша, билбордтарды Елбасы бастаған мемлекетіміздің нақты жетістіктерін көрсетуге арнау керек.

– Бұл менің барлық әкімдерген беретін нұсқауым, – деді ҚР Президенті.

Бұған дейін Президент пен Тұңғыш Президенттің суреті салынған баннерлердің фотосы желіде тарап кеткен болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!