Тоқаев отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдар мен мамандарға алғыс айтты

11:41, 23 сәуір 2021
506

© Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны жасаған ғалымдар мен мамандарға алғыс айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!", деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Жуырда 50 мың доза көлеміндегі қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Нұр-Сұлтандағы "СК-Фармация" хабтарына жеткізілетіні белгілі болды.

Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы өз вакцинасын жасаған әлемдегі бес елдің қатарына енді. Вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енгізілген. Оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, коронавирусқа қарсы күшті иммунитет қалыптастырады.

QazVac-ты жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейді, олар тоңазытқышта плюс 2-8 градус температурада тасымалданады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!