Тоқаев ОСК басшысымен әкімдерді сайлау мәселесін талқылады

12:43, 20 сәуір 2021

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау органдарының екінші жартыжылдықта өтуге тиіс аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық округтерден тыс ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындығы туралы баяндалды", делінген Ақорда сайтында.

Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!