Тоқаев: Негативті және жалған ақпараттар тарап кетіп жатыр

17:48, 29 маусым 2020

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау іс-шаралары жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық саясатты өзгерту қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент індет кезінде халық тарапынан түсетін шағымның көбейіп тұрғанын айтты.

- Coronavirus2020.kz сайтына 40 мыңға жуық сұрақ келіп түскен. Бүгінгі таңда олардың үштен біріне ғана жауап берілген. Соның салдарынан негативті және жалған ақпараттар тарап кетіп жатыр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатады. Ақпараттық жұмысқа деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керек, - деді Президент.

Президент дәрігерлер халыққа тікелей кеңес беріп, сұрақтарға жауап бере алатын күнделікті телевизиялық бағдарламаларды ұйымдастыруды ұсынды. Қазақстандықтарға коронавирус науқастарды емдеудің хаттамасы барын, бұл ретте арнайы алгоритмдер түзілгенін түсіндіру қажет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!