Тоқаев Мәскеуде парадтағы Қазақстан әскерилерін орнынан тұрып, қарсы алды

16:59, 24 маусым 2020

Мәскеудегі парадта қазақстандық әскерилер алаңды басып өткенде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орнынан тұрып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Мәскеудегі Жеңіс парадынан желіде фотосуреттер жариялады.

Суреттердің бірінде Тоқаев Қызыл алаңда жүріп келе жатқан Қазақстан әскерін қарсы алуға тұрғаны көрінеді.

Бүгін, 24 маусымда Мәскеуде Жеңіс шеруі өтті. Оған Беларусь, Өзбекстан, Босния және Герцеговина, Молдова, Тәжікстан, Сербия, Оңтүстік Осетия, Абхазия президенттері, сондай-ақ Қазақстан қатысты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!