Тоқаев Мемлекеттік хатшы Тәжинді босатып, оның орнына Көшербаевты қойды

20:02, 18 қыркүйек 2019

ҚР Президентінің Жарлығымен Марат Тәжин басқа лауазымды қызметке ауысуына байланысты ҚР Мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал оның орнын осыған дейін ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болған Қырымбек Көшербаев басты.

"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын" делінген Жарлықта.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!