Тоқаев марқұм Михаил Дорофеевті еске алды

11:44, 25 ақпан 2021

© Сурет: informburo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V-ші отырысында марқұм журналист Михаил Дорофеевті еске алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Президенттің айтуынша, бұл - орны толмас қайғы.

Өздеріңіз секілді маған да осы кеңестің мүшесі Михаил Дорофеевтің қазасын қабыл алу ауыр болды. Бұл бәріміз үшін орны толмас шығын. Ол қазақстандық журналистиканың қалыптасуына және еліміздің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор үлес қосты. Оның отбасы мен достарына тағы бір рет көңіл айтамын, - деді Тоқаев.

30 қаңтарда танымал қазақстандық журналист, Informburo.kz сайтының және 31 арнадағы Информбюро бағдарламасының бас редакторы Михаил Дорофеев Алматыда 48 жасында қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!