Тоқаев Маминді Премьер-министр етіп қайта тағайындады

16:36, 15 қаңтар 2021

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мамин Асқар Ұзақпайұлы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын, - делінген Ақорда сайтындағы Жарлықта.

Бұған дейін Президент оны Мәжіліс отырысында ұсынған болатын.

14 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауынан соң болашақ премьер-министрдің кандидатурасы туралы сөз қозғаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!