Тоқаев Қытайдағы баяндамаларын тек қазақ тілінде жасап жүр

11:21, 11 қыркүйек 2019

Қазақстан Президенті ресми сапармен Қытай елінде жүр. Ол бірнеше ресми кездесулерге қатысып та үлгерді. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, жоспарланған барлық кездесуде Президент тек қазақ тілінде сөйлеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда", деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!