Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасын Қазақстанға шақырды

17:37, 13 қыркүйек 2019

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді 2020 жылы Қазақстанға келуге шақырды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады "Хабар-24"

Айта кетсек, Қасым Жомарт Тоқаев 10-12 қыркүйекте Қытайға екікүндік мемлекеттік сапармен барған болатын. Сапар барысында 10 маңызды құжатқа қол қойылды. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мырза мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың арасында өте жоғары деңгейдегі келіссөз өтті. Сонымен қатар Қазақстан президенті кездесулер барысында Қытай түрмесінде отырған отандасымыз Ақжарқынның мәселесіне қатысты да жеке өтінішін жеткізді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!