Тоқаев ҚР СІМ сапарлар мен сыртқы саяси шаралардың кестесін талқылады

09:33, 19 сәуір 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ, сыртқы нарықтағы Қазақстан экспортын ілгерілету қажеттігін айтты.

Бейбіт Атамқұлов инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың, соның ішінде өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылдарды жақсарту үшін қабылданған жүйелі шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сапарлар мен сыртқы саяси шаралардың кестесі талқыланды.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!