Тоқаев Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасының пайда болуы ықтималдығына қатысты пікір білдірді

09:13, 3 маусым 2020
367

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасының пайда болуы туралы мәселе күн тәртібіне қойылған емес, деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын салу туралы мәселе бізде талқыланған емес және күн тәртібінде тұрған да жоқ, - деді Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық энергетика, инвестиция, технология сияқты стратегиялық салаларда жақсы дамып, ол өз жемісін беруде екенін айтты.

Біз қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы мәселелер бойынша үнемі байланысып отырамыз, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан бұған дейін АҚШ-тың биологиялық қауіпсіздік бойынша сарапшыларымен ынтымақтастықта болғанын айтты. 2016 жылдың қыркүйегінде Алматыда Орталық референс- зертхана ашылды, кейбір мәліметтер бойынша, оның құрылысына АҚШ үкіметі 130 миллион доллар жұмсаған.

Бүгіндері келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты америкалық ғалымдар Алматыдағы биологиялық зертхананы тастап, елдеріне оралды. Онда біздің бюджетіміз бойынша тек қазақстандық мамандар жұмыс істейді, - деді Мемлекет басшысы.

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер Қазақстан үшін өзекті болып қала бермек. Сондықтан Тоқаев осы бағытта Қазақстанның ресейлік мамандармен барынша ашық ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді.

Бір апта бұрын Қазақстан Президенті Үкіметке биологиялық қауіпсіздік туралы Заң әзірлеуді тапсырған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!