Тоқаев: Қазақстан әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толықтай қамтамасыз етілген

14:49, 7 сәуір 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік-логистикалық орталығында болып, Қазақстанның әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Continental Logistics" көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда. Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек. ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың "шекті бағасы" сақталуға тиіс", деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерімен өзара ниеттестік белгісі ретінде Қазақстан мұқтаж елдердің үкіметтері жәрдем сұраған жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін де атап өтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!