Тоқаев Қазақстан армиясының қаза тапқан сарбаздары мен офицерлерінің рухына тағзым етті
22 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына оқу-жаттығулардың негізгі міндеттері мен кезеңдері туралы мәлімет берілді. Аталған оқу-жаттығулары қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының қорғаныс жүйесі мен әскери қауіпсіздігін сақтау мақсатында ведомствоаралық іс-қимылдарды нығайтуға бағытталған.
Оқу-жаттығу барысында елімізге төнетін сыртқы қатерлерді болдырмау үшін әскери және әскери емес сипаттағы мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелері пысықталды.
Мемлекет басшысы әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ, қорғаныс жүйесі алдындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдарды дайындау шараларын жолға қою жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Оқу-жаттығу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өздерінің әскери борыштарын атқару кезінде қаза тапқан Қазақстан армиясының сарбаздары мен офицерлерінің рухына тағзым етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:26, 18 сәуір 2024
Абай облысында екі адам құтқарылды
-
09:16, 18 сәуір 2024
Жылыой ауданында тұрғын үй мен ғимараттарды су басты
-
22:42, 17 сәуір 2024
Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатының заңсыз жұмсалғанын анықтады
-
22:28, 17 сәуір 2024
Астанада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
-
22:23, 17 сәуір 2024
Алматыда лай көшкіні жүріп, жолды бүлдірді