Тоқаев қаржы пирамидасынан азаматтарды қорғау үшін шаралар қабылдауды тапсырды

20:37, 30 маусым 2022
157

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы барысында Президент қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерге де тоқталды. Келтірілген статистикалық деректерге сәйкес, мұндай ұйымдар биылғы бес айдың ішінде 17 мыңнан астам үлескердің құны 27 миллиард теңгеден асатын дүние-мүлкін иеленіп алған.

Қаржы секторы тұжырымдамасының аясында қаржы пирамидасының белгісі бар ұйымдарды алдын ала анықтауға, жедел әрекет етуге, азаматтардың қаржы алаяқтары туралы хабарлау мәселесін күшейтуге бағытталған шаралар қамтылуы қажет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторын банктердің белсенді несиелеуі жөнінде шаралар қабылдауды келесі маңызды міндет ретінде атап өтті. Сондай-ақ осы саладағы бірқатар проблемаға назар аударып, қаржы реттеушілеріне бұл мәселеге баса мән беруді және оны нақты шешу жолдарын ұсынуды тапсырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!