Тоқаев Қалжыр өзенін ластаушыларды жазалауды тапсырды

14:56, 22 қыркүйек 2021

© Сурет: Pixabay

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін ластаушыларды жазалауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Айқын" газетінің бүгінгі нөміріне "Қалжырды кім ластап жатыр?" деген мақала жарияланған еді. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді", - деп жазды ол Facebook-те.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!