Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс білдірді

12:36, 30 шілде 2021

© Сурет: facebook.com/Berik Uali

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді, делінген ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі жазбасында.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Ермек Сағымбаевқа жүктелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!