Тоқаев: Ішкі саясат та, сыртқы саясат та сындарлы, салмақты болуы керек

15:14, 3 ақпан 2023

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы 3 ақпан күні Жамбыл облысына ресми сапары кезінде өңірдің зиялы қауым өкілдерімен сөйлесіп, еліміз дамып, өркендеуі үшін алдағы саяси науқандар кезінде ең алдымен, ауызбіршілік қажет екеніне назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Президент сайлау әділ, ашық болуы керек екенін айтты.
"Осындай лайықты адамдар біздің Парламентке келсе, еліміздің дамуына үлес қосады деп үміттенемін. Дүниежүзінде болып жатқан жағдайды өздеріңіз жақсы білесіздер. Ішкі саясат та, сыртқы саясат та сындарлы, салмақты болуы керек. Ең басты міндетіміз – мемлекеттілігімізді сақтап қалу. Сын-қатерлер аз емес. Сондықтан бәріміз бір ел, бір халық, бір ұлт болып ұйысып, ел үшін қызмет етейік".Қасым-Жомарт Тоқаев

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!