Тоқаев Әзербайжанмен арадағы көші-қон туралы келісімді ратификациялады

18:21, 18 маусым 2021
275

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құжат екі елдің көші-қон саласында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, тараптар көші-қон заңнамасын бұзушылар және заңсыз көші-қон арналарын анықтап, қос азаматтықпен күресуге мүмкіндік беретін ақпараттармен өзара алмаса алады.

Келісім шеңберінде екі елдің құқық қорғау органдары өзара іс-қимыл барысында туындайтын мәселелер бойынша статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпараттармен, өз территориясында жүрген ел азаматтары туралы мәліметтермен, тәжірибемен және практикалық көмекпен алмасады.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзірбайжан азаматтарының құқықтық мәртебесі анықталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!