Тоқаев әскери міндетті азаматтарды неге шақырғалы жатыр- министр жауабы

11:53, 3 сәуір 2020
486

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы Қаулыға не үшін қол қойғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл қаулының негізгі мазмұны - әкімдердің әскери міндеті бар азаматтарды белгілі бір аймақтың қажеттіліктеріне арнайы жинауға шақыру құқығы мен мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бұл шара, ең алдымен, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін неғұрлым тиімді және жан-жақты қорғауға бағытталған. Қаулы әкімдерді барлық әскерлерді уақыт бойынша да, шақырылушылар саны жағынан да орналастыруды міндеттемейді, - деді министр.

Жиын eң көп дегенде 3 айға созылуы мүмкін, бірақ нақты уақытын жерлікті атқарушы орган белгілейді. Әкімдіктер әскери міндеттілерді жинауға шақыра алады, сол секілді оны мерзімінен бұрын тарата да алады. Мысалы, жергілікті билік кейбір жерде әскери міндетті адамдарды 10 күнге жинап алуы мүмкін. Ал кейбір жерде оған қажеттіліктің болмауы да ықтимал.

Ермекбаев әскері қызметке шақырылғандарға барлық әлеуметтік жеңілдік ұсынылатынын атап өтті: тамақ, киім-кешек, медициналық құралдар. Сонымен қатар оларға жалақы төленеді.

2 сәуір қарсаңында Президент әскери қызметшілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Қаулыға қол қойды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!