Тоқаев ертең Ұлттық кеңестің отырысына қатысады

18:05, 26 мамыр 2020
435

27 мамырда сағат 11.00-де Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің үшінші отырысы өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ертең, яғни, 27 мамыр күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтетін 3 отырысына қатысады. Ұлттық кеңестің отырысы адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналады. Жиын Президент баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі", деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!