Тоқаев Екібастұздағы пәтерлердегі температураны тұрақтандыру үшін шара қабылдауды тапсырды

11:20, 6 ақпан 2023

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және нысандарда температураны тұрақтандыру үшін шара қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдау қажет", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Екібастұзда жыл басынан бері бірқатар үйде жылу бірнеше рет өшті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!