Тоқаев дәрігерлердің айлығын көтеруді тапсырды: Орташа жалақыдан 2,5 есе көп болуы керек

14:19, 27 мамыр 2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлердің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемнің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Бұл індет біздің елімізде кәсіби дәрігерлердің жетіспейтіндігін анықтады. Бұл - жалақының төмендігі, осы кәсіптің беделінің төмендігі және дәрігерлер құқықтарының сақталмауы", - деді Мемлекет басшысы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінде.

Президент биылғы жылы дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен өсіруді қолға алуды тапсырды.

"Олардың жалақысы біздің экономикамыздағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болуы керек. Біз бұл көрсеткіштерді 2023 жылға дейін игеріп аяқтауымыз керек", - деді Тоқаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!