Тоқаев дәрі-дәрмектің жөнсіз қымбаттауына кінәлілерді жазалайды

20:02, 5 шілде 2020
502

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен құқық қорғау органдарына дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауы мәселесін реттеуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент бұл туралы twitter-де жазды.

- Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады, - делінген жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!