Тоқаев: Биыл ЖІӨ 3 пайыздан астамға өседі деп жоспарлап отырмыз

© Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-ші саммитінде сөйлеген сөзінде пандемияның экономикаға тигізген кері әсерін еңсеруге баса мән берілетінін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қажетті қаржымен қамтамасыз етілген Дағдарысқа қарсы кешенді жоспарды іске асырудың арқасында Қазақстан пандемияның теріс әсерін барынша азайта алды. Тіпті құрылыс, ауыл шаруашылығы және өндіріс секілді салаларда өсімге қол жеткіздік. Биыл біз жалпы ішкі өнім 3 пайыздан астам өседі деп жоспарлап отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ видео конференция форматында өткен жиынға Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Хасан Рухани, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хади Сулейманпур қатысқаны атап өтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:11, 23 сәуір 2021
"ҚазАвтоЖолдың" жаңа төрағасы жалған нөмірлі көлікпен жүрген – БАҚ
-
16:58, 23 сәуір 2021
Әкесіне анықтама жасатпақшы болған шендіге 2,5 млн теңге айыппұл салынды
-
16:51, 23 сәуір 2021
Парақор Өсербаевқа 72 млн теңге айыппұл салынды
-
15:58, 23 сәуір 2021
Статистика. Қазақстанда жемқорлар көбейіп барады
-
15:42, 23 сәуір 2021
Ковидқа қарсы екпе алғандар арасында кісі өлімі фактісі тіркелген бе?
Пікір