Тоқаев бірқатар азаматтарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын берді

09:15, 21 мамыр 2022
259

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын беру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаулының мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Мәтінде былай делінеді:

1. Мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін:

Абаханов Есқайыр Жәрдемұлы – «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі, Алматы қаласы;

Айтқожанова Райхан – «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры, Алматы қаласы;

Әбілмәжінова Бейбітгүл Мағжанқызы – «С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» КММ директоры, Солтүстік Қазақстан облысы;

Әділов Қайратбек Нұрышұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының артисі, Алматы қаласы;

Әлімбеков Жүніс Нұрғазыұлы – «А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» КМҚК артисі;

Байбосынов Нұржан Тілеубекұлы – «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» РМҚК симфониялық оркестрінің дирижері, Алматы қаласы;

Бақтыгереев Бейбіт Салауатұлы – «Ақмола облыстық орыс драма театры» МКҚК директоры;

Балағұмаров Дастан Қайроллаұлы – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ аға оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласы;

Бапанов Әлібай Қалтайұлы – «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры, Алматы қаласы;

Боқыбаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы – «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» РМҚК директоры, Алматы қаласы;

Борецкий Олег Михайлович – «Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті» КеАҚ доценті, Алматы қаласы;

Варисов Нуралим Мамутович – «Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр  музыкалық комедия театры» РМҚК «Нава» халық фольклорлық ансамблінің әншісі, Алматы қаласы;

Галсанов Александр Валерьевич – «Ертіс концерт» КМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері, Шығыс Қазақстан облысы;

Ганн Лидия Давыдовна – «Республикалық неміс драма театры» РМҚК бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы;

Ғаббасова Гүлмира Надымқызы – «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ доценті, Алматы қаласы;

Дараев Махмут Марипович – «Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр  музыкалық комедия театры» РМҚК артисі, Алматы қаласы;

Ермекбаев Әли Ақбергенұлы – «Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» МКҚК камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі;

Жармұхамбетова Мәдина Қайырбекқызы – «И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы» МҚКК камералық хорының хормейстері

Исенов Тасмұхан Жақсығалиұлы – «А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп- интернаты» РММ бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы;

Кәрімов Негметолла Харрасұлы – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы;

Көбжанова Светлана Жұмасұлтанқызы – «Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК директорының орынбасары, Алматы қаласы;

Қапалбеков Нағашыбек – «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;

Қойлышов Серікқұл Құрманқұлұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің артисі, Алматы қаласы;

Махан Құрманбай Жарқынбайұлы – «Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК бөлім басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;

Мұқанов Асқар Төлеуғалиұлы – «Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің артисі, Нұр-Сұлтан қаласы;

Мұқажанова Күлжазира Жұмаділқызы – «Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы;

Мырзахан Әлімхан Мырзаханұлы – «І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры» КМҚК басшысы;

Нұрхалық Серік Сақбайұлы – «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» МКҚК артисі;

Өтебаева Майса Омарбекқызы – «Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» РМҚК оқытушысы, Алматы қаласы;

Өтуленова Мапруза Қадешқызы – «Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония» КМҚК әншісі, Шығыс Қазақстан облысы;

Передеро Татьяна Владимировна – «Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» КМҚК Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрінің концертмейстері;

Сабырғалиева Санжан Төлеуқызы – «Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» РМҚК артисі, Алматы қаласы;

Сон Лаврентий Дядюнович – «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қоюшы-режиссері, Алматы қаласы;

Сраилов Бахыт Бекмырзаұлы – «Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры» МКҚК директоры, Түркістан облысы;

Сыздықов Дүйсенхан Ереханұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК бөлім басшысы, Алматы қаласы;

Сырлыбаев Серік Омарұлы – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы;

Тазабеков Орынбасар Қалықбайұлы – «DOS Film Production» ЖШС директоры, Алматы қаласы;

Танабаева Сара Есқайырқызы – еңбек ардагері, Батыс Қазақстан облысы;

Тастанбеков Ержан Отанұлы – композитор, Алматы қаласы;

Текеев Сатыбалды Көшкімбайұлы – «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кинорежиссері, Алматы қаласы;

Темербаева Ғалия  Амерқамзақызы – «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» МКҚК артисі;

Түктібаев Сейітқасым Шерімұлы – «К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» МКҚК директоры;

Уважанов Қанат Стальұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК Қазақстан Республикасының мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің бас әкімшісі, Алматы қаласы;

Үмбеталиева Долорес Александровна – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ балет труппасының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы;

Хлащева Ольга Дмитриевна – «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы;

Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы – «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК директоры, Шығыс Қазақстан облысы;

Шекеров Бекболат Базарбайұлы – «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы, Алматы қаласы;

Шоманұлы Әбілқасым – киноактер, Алматы.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!