Тоқаев Астанадағы балалар медицинасына қатысты мәселенің бәрін шешуді тапсырды

16:53, 31 қаңтар 2023

© Сурет: unsplash

Мемлекет басшысының сөзінше, елорда тұрғындарының саны соңғы он жылда 2,5 есе өсті. Медицина инфрақұрылымы бұл қарқынға ілесе алмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев қалада медициналық қызметтің сапасына және оның қолжетімді болуына қатысты шағым көп екенін айтты.

"Емханаларда кезек көп. Перзентханаларда орын тапшы. Ондағы жүктеме қалыпты нормадан 68 пайызға артық. Сондай-ақ кейбір ауруханада санитарлық талаптар сақталмайды". Президент

Сонымен қатар мемлекет басшысы балаларға арналған емханалар мәселесіне тоқталды. Ол Денсаулық сақтау министрлігіне қала әкімдігімен бірлесіп, балалар медицинасына қатысты мәселенің бәрін шешуді тапсырды.


"Балалар емханасындағы қабылдау бөлмелері заман талабына сай емес. Қалада балаларға арналған жалғыз травматология пункті бар. Жарақат алған балалар сол жерде ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болады. Үшінші көпсалалы балалар ауруханасы тек инфекциялық аурулардан емдейді. Онда хирургия, офтальмология және травматология бөлімдері жұмыс істемейді. Елорда үшін бұл – ұят нәрсе. Пайда табуды көздеген жекелеген ауруханалар мүмкіндігі бола тұра кейбір дәрігерлік қызмет көрсетуден бас тартып жатыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!