Тоқаев: Астана көшелері кәдімгі мұз айдынына айналды

16:47, 31 қаңтар 2023
89

© Сурет: Zakon.kz

Мемлекет басшысы елорданы дамытуға арналған жиында қаланың көркі қашып бара жатқанын, жолдардың жиегі тегіс емес екенін, кейбір көшелер тас қараңғы екенін, Астана көшелері бірнеше күн бойы кәдімгі мұз айдынға айналғанын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұл жерде ұсақ-түйек деген мәселе болмауы керек, бәрі – маңызды. Өкінішке қарай, қаланың көркі қашып барады. Жолдардың жиегі тегіс емес, кейбір көшелер тас қараңғы. Көше бойынан қоқыс салатын жәшік те табылмай жатады" – деді Президент.

Мемлекет басшысы қыстыгүні қала ішіндегі қар уақтылы сыртқа шығарылмайтын кездер де болатынын, қар жауып, боран соқса, тұрғындар қарға малтығып жататынын, жақында Астана көшелері бірнеше күн бойы кәдімгі мұз айдынға айналғанын айтты.

Оның айтуынша, абаттандыру жұмысына соңғы 3 жылда 45 миллиард теңге бөлінген.

Сондай-ақ Президент қаладағы үйлердің ауласы түгел бір қалыппен емес, өз ерекшелігімен салынғаны жөн екенін айтты.


"Урбанистика саласының мамандарымен, сәулетшілермен, тұрғындармен бірлесіп, тың, жаңа тәсілдерді қолдану қажет. Мысалы, ашық байқау жариялап, озық жобаларды таңдап алуға болады. Қаланың келбетін әрәкімнің талғамы бойынша өзгерте беруге болмайды. Нақты бекітілген жоспармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек", – деді Тоқаев.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!